BasNewsЖаңалықтар

В Уйгурском районе прошел чемпионат по национальным видам спорта

28 наурыз күні Ұйғыр ауданындағы Шонжы ипподромында 2004-2006 жылы туған ересектер мен жасөспірімдер арасында ұлттық және ат спорты түрлерінен Алматы облысы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Ұлттық спорт түрлері – тарихымыздың, қазақ халқының болмысының айнасы. Оларды дамыту арқылы ұлттық ат спортын кеңінен насихаттауды, жастарды ұлттық спорт түрлерімен айналысуға шақырып, отансүйгіштікке баулимыз.

«Білімді, тәрбиелі, дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы екені анық. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы ретіндегі алғашқы Жолдауында да бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Әсіресе, ұлттық спорт ойындары ерекше бағаланып, қазіргі таңда дәстүрлі спорт түрлерінен жыл сайын түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді», – деді Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова.
Бұл чемпионат облыстың барлық аудандарынан 200-ге жуық қатысушының басын қосты. «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу» және «Көкпар» сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.
Байқау 30 наурызға дейін жалғасады, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

Back to top button