BasNewsЖаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды
Астанада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Муратұлы ұсталды, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды», – делінген хабарламада.
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК-ның 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.