Бишімбаевтың адвокаттары «адам өлтіру» деген сөзді қолдануға қарсы шықты
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде экс-министрдің қорғаушысы Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды тағы да талап етті, – деп хабарлайды basnews.kz.
Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаттарының бірі – Лейла Рамазанова – Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды және зардап шеккен тараптың қорғаушысына ескерту жасауды талап етті.
«Жанна Уразбаховаға (жәбірленуші тараптың адвокаты – еск.) ескерту жасауыңызды сұраймын, себебі ол «адам өлтіру» деп айта береді», – деді Рамазанова сотта.
«Лейла Рамазанова Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атағаным үшін маған ескерту жасауды бірнеше рет өтінді. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда басқа сөз таба алмаймын», – деп жауап берді Уразбахова.