БЖЗҚ қордан қазақстандықтардың жеке деректері туралы мәліметтің шыққанын жоққа шығарды
Ақпараттық хабарлама БЖЗҚ сайтында жарияланды.
Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды, – деп жазылған ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қор GitHub сайтындағы құжаттарда белгісіз тұлғалар орналастырған БЖЗҚ базасынан қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуы туралы ақпараттың желіде таралуына байланысты мұның шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Барлық сұрақтарға жауап алуға және ақпаратты тексеруге БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да: enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы,1418 байланыс орталығының нөміріне, сондай-ақ, WhatsАрp арқылы көп арналы тегін байланыс нөміріне +7 777 000 1418 қоңырау шалу арқылы, Instagram және «Twitter», «Facebook», «Одноклассники», Telegram сияқты танымал платформалардағы БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы қол жеткізуге болады.