BasNewsЖаңалықтар

Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Әлеуметтік желіде Дағыстан тұрғынының су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмектескені туралы видео тарады, – деп хабарлайды basnews.kz.

Омарасхаб Ахмедов елдегі жағдайды таныстарынан білгенін айтты. Pricom.kz басылымы мәліметінше, Қазақстанда су тасқыны басталғаны және жағалауды нығайту жұмыстарына қаптар жетіспей жатқаны туралы ақпаратты оқығаннан кейін ер адам дереу көмекке баруды ұйғарған.

Ол қаптарды Атырау облысына жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген.

«Бауырлас халықтың басына осындай күн туды, ешкімді күтпейін деп ұйғардым. Мен білген бойда сол түні бірден жолға шығуды ұйғардым», – дейді ол.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, ер адам қаптар алып келген. Кейбір мәліметтер бойынша, әңгіме 50 мың қап туралы.

«Түнгі сағат 2-де мен таныстарымнан қаптар сақталған қойманы ашуды өтіндім, жұмысшыларды шақырдық, бәрін «Газель» жүк көлігіме тиеп, Астрахан облысы арқылы Атырауға шықтым. Сіздерге түні бойы жол жүрдім», – деп келтіреді басылым Омарасхаб Ахмедовтің сөзін.

Бұл видео желіде тарап, әлеуметтік желі қолданушылары ер адамға бұл әрекеті үшін алғыс білдірген.

«Бауырлар, рақмет», «Омарасхаб-мырза Дағыстанның шағын ауылынан шыққан өте қарапайым, ақкөңіл адам. Кеше Атырау, Махамбет, Сартоғай тұрғындары оған разы болды. Ол қайта қайтуы керек екенін айтып, қазақстандық ағайындарға амандық тіледі», – деп жазды пікір білдіргендер.

Back to top button