BasNewsЖаңалықтар
Киелі мекен: Қызылорда облысы Арал ауданында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазартылды
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына орай Қызылорда облысының әкімі өз үндеуін жариялады.
Игі бастамаға Аралдықтарда атсалысып, «Киелі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, «Балықшылар» музейі мен Әбдіжәміл Нұрпейісов мұражайының аумағына әктеу, сырлау жұмыстарын және ағаш көшеттерін отырғызды.
Акцияға қала тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері барлығы 40-қа жуық адам қатысты.