Алматы облысының әкімі «Жасыл аймақ» эконауқанына қатысты
Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Әйтей ауылдық округінде орналасқан «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде «Жасыл аймақ» эконауқанына қатысты.
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлымен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, саябақты абаттандыру жұмыстарының барысымен де танысты.
Марат Елеусізұлы Шамалған ауылдық округі аумағындағы «ҚЗТА – Қазақстан құбыр арматура зауыты» қуатты өндірістік нысанның тыныс-тіршілігімен танысып қана қоймай, көшет отырғызу рәсіміне де қатысты.
– «Жасыл аймақ» акциясын, жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық науқанды толығымен қолдай отыра, өндіріс маңындағы ауланы жасылдандыру үшін ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын міндетті түрде ұйымдастырамыз, бүгін өңір башысы да өз үлесін қосу арқылы 20 түп ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты. Осы игі шаралар аясында зауыт айналасы тағы да 100-ден аса ағаш көшеттері отырғызылып толықтырылады, – деді өндіріс басшысы Гусаинов Ринат.
Облыста «Жасыл аймақ» акциясы аясында 94 гектар жерге 30 616 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.