Түркістанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Шара Түркістан облысының Еңбек мобильді орталығының қолдауымен және Түркістан қалалық Мансап орталығын ұйымдастыруымен қолға алынған.
Екі қолға бір күрек іздеген азаматтар үшін 20-дан астам жұмыс беруші 200-ге бос жұмыс орнын ұсынды.
«Мұнда азаматтар жастар практикасы, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс пен тұрақты жұмыстарға бағыт-бағдар алып, қажетін таба алады. Мұндай жұмыс жәрмеңкелері алдағы уақытта ұдайы ұйымдастырылатын болады»- дейді қалалық Мансап ортылығының директоры Нұрсұлтан Жүсіпбаев.
Тұрақты жұмысқа шақырғандар қатарында біршама белгілі жеке кәсіпорындармен қатар, алматылық компаниялар да бар.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар ары қарай да тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.