BasNewsЖаңалықтар

«Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы жалғасуда

Қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде.

Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды.

Жоба жұмысын бастағалы;

– 4 жобаға индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді.

– 3 жобаға жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

– 3 жобаға жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге көмектесілді және сүйемелдеу жүргізілді.

Сонымен қатар, жоба аясында Түркістан қаласында өңдеу саласы бойынша 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несие беру құжаттамасы заң аясында жүзеге асырылды.

Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Тікелей ұялы байланыс нөмірі: 8707-412-11-43 немесе 8(72533) 57919

Back to top button