BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында биыл 119 мыңға жуық жұмыс орыны ашылады

Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. Өңірлік карта аясында 74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Облыс басшысы Дархан Сатыбалдымен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 2024 жылында  облыста 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделіп жатыр және 2024 жылы 140,2 мың тұрғынды жұмыспен қамту шараларын іске асыру қолға алынуда.

Бүгінде Өңірлік карта бойынша 45 197 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 15 289 орын тұрақты. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бағдарламасы арқылы 4 345 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Ұлттық жобалар бойынша 3671 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 87 жоба арқылы 610 жұмыс орны ашылды.

Жалпы облыс көлемінде 43,3 мың адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал, 43,2 мың адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 20,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарына орналасты.

Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпкерлікке бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді. Оған дәлел 2024 жылы 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамаларына грант және шағын несие беру жұмыстары қарастырылуда.

Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасынан 1 793 адамға бизнес-идеясын дамытуға гранттар беру, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жаңа жұмыс орындарын ашу, 621 жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 млн. теңге жеңілдетілген шағын несие беру көзделуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысындағы «Жайлы мектептер» жергілікті тауар өндірушілер жиһазымен қамтылады

Өнірде «Жайлы мектеп” Ұлттық пилоттық жобасы аясында 63 мектеп салынады.

Түркістан облысындағы аталған жоба арқылы құрылысы жүріп жатқан нысандардың бас мердігерлері Түркістандағы жиһаз шығаратын ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Басты мақсат – мектептерді сапалы отандық жиһазбен қамту барысын пысықтау.

Ең алдымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен кәсіпкерлер мен жайлы мектептердің бас мердігерлерінің кездесуі өтті. Жиынға облыстық жауапты басқарма басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша басшылығы қатысты.

Осыдан кейін мердігерлерге Түркістан қаласындағы «Brownfield» дайын өндірістік аймағы мен шағын өнеркәсіптік аймағында орналасқан кәсіпорындар таныстырылды. Негізінен мектепке қажетті бекітілген техникалық сипаттамаға сай жиһаз өнімдері ұсынылды. Олардың қатарында:»Аkniet Holding» мүгедектер қоғамы» жоба құны: 2,3 млрд.теңге, 80 жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Қуаттылығы: жылына 180 000 дана. Жобаның ерекшелігі: роботтандырылған соңғы үлгідегі қытайлық технология; «СП Туран Мебель» ЖШС жоба құны: 2,3 млрд.теңге, 40 жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Қуаттылығы: жылына 400 000 дана. Жобаның ерекшелігі: арнайы мектепке арналған жиһаз бұйымдарын өндіру.

Жалпы кездесу қорытындысы бойынша бас мердігерлерге кәсіпорындардың жұмысы егжей-тегжейлі таныстырылды. Әрі қарай бірлесіп жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атаған еді. Артынша мемлекет басшысы үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырды.

«Орта білімнің сапасы — табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

 Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы – Түркістан облысында мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік.

Back to top button