BasNewsЖаңалықтар

Биыл Түркістанда тұрғын үй кезегі бойынша 190 пәтер кілті тапсырылады

Биыл Түркістанда тұрғын үй кезегі бойынша 190 пәтер кілті тапсырылады. Бұл жайлы қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев баяндады.

Оның айтуынша қазіргі таңда қалада тұрғын үй кезегіне 16982 азамат тұр. Соның ішінде 6602-сі әлеуметтік әлсіз топ мүшелері, 45550-і көпбалалы отбасы мүшесі, 220-сы тұл жетім, 5607-сі мемлекеттік қызметкер санаты бойынша тіркелген. Ал 3 азамат тұрғын үйі апатты деп танылғандар санатында тіркелді.

Биыл жоспар бойынша 190 пәтер кезек бойынша, 2754 пәтер ипотекамен беріледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 684 пәтер кезек бойынша, 1649 пәтер ипотекамен табысталған болатын.

Айта кетейік, шаһарда бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер саны да артуда. Бүгінде Түркістан қаласы 5 қабатты 20 тұрғын үймен (800 пәтер) толығады деп жоспарлануда.

Back to top button