BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне бақылау күшейеді

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін анықтау және қайтару жұмыстары қарқынды жүруде.

Апта ішінде (03-07 маусым) салықты 20 есеге арттыру бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне 19 учаске (3345 га) анықталып, 5 материал (431 га) жолданды.
Жыл басынан бері 62 материал (24 009 га) Жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.
Жер комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, онда өтініштердің 72% кері қайтарылды.
Жыл басынан бері 23531,7 гектар жер өз еркімен қайтарылса, 30525,53 гектар жер сот арқылы қайтарылды.
Қайтарылған жердің жалпы көлемі 54 057,23 гектарды құрайды.

Қосымша:

Жалдау шарттарының сақталуына бақылау жүргізіледі.
4 жер учаскесі (1669 га) бойынша сотқа талап арыздар берілді.
Қазіргі таңда 51 учаске (24447,31 га) сотта қаралуда.

Жалпы облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру бойынша, белсенді шаралар қабылдануда.

Back to top button