BasNewsЖаңалықтар

Биыл Түркістанда ауыз су құбырларын жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары пайдалануға беріледі

Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Қаланы 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде айтылды.

Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы бүгінгі таңға 17 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылды.

Соңғы жылдары өндірістік сумен қамтамасыз етуде қайтарылымды жүйе кең қолданылуда.

Елді мекендерде суды пайдалану мақсаттары:

Уақыт аралығында немесе өнімнің өлшем бірлігіне берілетін су көлемін меншікті су тұтыну деп атайды.

Сыртқы тораптар мен ғимараттар құжаты бойынша тұрғын үй құрылыс аудандарында бір адамға шаруашылық-ауыз суын тұтынудың бекітілген нормасы:

Бұл нормалардың демалыс үйлеріне, санаториялық-туристік кешендерге, балалар лагерьлеріне қатысы жоқ. Нормада көрсетілген аралықтардағы су тұтыну деңгейін тандау үйлердің қабаттылығына, орналасу дәрежесіне, климатқа және жергілікті жағдайларға байланысты. Халқы 1 миллионнан асатын қалаларға Мемлекеттік бақылау мекемелерінің келісімімен су тұтыну деңгейін арттыруға болады. Су тұтынудың біркелкі еместігі халықты сумен қамтамасыз етуде үзілістер болдырмау үшін, сумен қамтамасыз етуді жобалау кезінде ескерілуі қажет.

Өндіріс нысандарында судың шаруашылық-ауыз су қажеттілігі мен душты пайдаланудағы шығыны сәйкес құжаттардың талаптарымен анықталады:

Елді мекендерді және өнеркәсіптерді суландыруға кететін су шығыны, сол аймақтағы жер бетінің жабынды түріне және суландыру әдісіне, климат жағдайына, көк-жасыл желектердің түрлеріне байланысты. Суландыру тәулігіне 2 рет жүргізіледі, су шығыны 1 шаршы метрге 0,3-15 л келеді. Қажетті мәліметтер жоқ кезінде 1 адамға есептегенде жер суландыруға кететін орташа тәуліктік шығын 50—90 л-ге дейін жетеді.

Елді мекендерде өртке қарсы пайдаланылатын су құбырлары қарастырылуы қажет, олар заңды түрде шаруашылық-ауыз сумен не өндірістік орындардың су құбырларымен бірге болады.

Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95% сарқынды су желісімен қамтамасыз етіледі.

Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін электр қондырғылары мен желілерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ табиғи газбен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 40 мыңға жуық абонент немесе қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Өткен жылы басталған Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 59,1%-ға жеткізіп, қаладағы асфальт жолдарды 500-ге жуық шақырымға жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта, қала аумағында 4 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылуда. Атап айтсақ, 2 көпір салынуда және сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 100-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 700-ден астам көше түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. Осылайша қаланың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 86,5%-ды құрады. Биыл 230 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 95%-ға жеткізу көзделуде.

Қала аумағында жалпы 458 аялдама қажеттілік бар. 276 аялдама жаңадан орнатылған, қосымша қажетті 182 аялдама кезең-кезеңімен жаңартылады. Облыс орталығында қазіргі кезде 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оның 16-сы «Жолаушы» ЖШС-і, 6 бағыты – «ТехПрофАвто» ЖШС-і. 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 210 автобуспен қызмет көрсетеді. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Одан бөлек, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес жыл соңына дейін қала аумағында қосымша жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда.

Жалпы биыл 49 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 23 ойын алаңшасы, 4 саябақ пен сквер және 22 нысан негізгі көшелерді көгалдандыру жүйелері ағымдағы жөндеуден өтуде. Күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда аумағы 626 га құрайды Күту жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшысымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды тазалауға және ағаштарды бұтауға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған тағы басқа жұмыстар жүргізетін үлкен-кіші 200-ден астам техника жұмыс атқарады.

 

Back to top button