Түркістан облысында аустралиялық әдіс бойынша салынған алғашқы бордақылау алаңы іске қосылады
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин 50 мың бас ірі қара малға арналған Қазақстандағы ең ірі бордақылау алаңын салу орнына барды.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында жаңа технологиямен өндірілген өнімдерді пайдалану, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мал шаруашылығының өнімдерінің сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр.
Бұл күрделі мәселенің шешілуі, тиімділігі жоғары дамыған агроөндірістік кешендерді құруды қажет етеді, ол бірегей жаңартылған табиғи қорларды: топырақтарды, өсімдіктерді, жануарларды жетік игеріп, тиімді қолдану арқылы ғана болуы мүмкін. Мал өнімдерін жоғары деңгейге жеткізуде маңызды мәселе болып барлық малдарды жынысына, жасына байланысты ұтымды, тиімді азықтандыру негізгі бағыт болып табылады, өйткені жануарлардың тұқым қуалаушылықтағы, шартты өнімділігі тек толық құнды қоректендіру жағдайында ғана жүзеге асады.
Тірілей салмақтың мөлшеріне, ұшаның, ет өнімдерінің салмағына, малдарды қарқынды өсіру мен бордақылау едәуір әсер етеді. Мұнда тек мал шаруашылығы шығаратын өнімнің көлемі ғана өсіп қоймай, сонымен қатар сапасы да артады. Осыған байланысты малдың төлдерін өсіруді ғылыми негізде ұйымдастыру, оларды бордақылауды, әсіресе жас ірі қара малын бордақылау жоғары сапалы етті және I, II дәрежелі ет тәріздес өнімдері мен басқа мал шаруашылығы өнімдерін көптеп өндіруте әсер етеді.
Ет және қосалқы ет өнімдерін қажетті сапада өндіру ұшалардың еттілігін және ішкі мүшелерді қалыптастыратын ұлпалардың өсуіне және ағзаның қажеттілігін қамтамасыз етуге, әр түрлі жастағы кезеңдердегі жағдайлардың талаптарына негізделеді. Туғаннан кейінгі өмір кезеңдерінде және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерінде тірілей салмақтың, ұшаның, іш майларының, қосалқы ет өнімдерінің өзгеруін зерттеу, жоғары сапалы сиыр еті мен ет тәріздес өнімдерін өндіруде өзекті мәселе болып табылады.
Ет және қосалқы ет өнімдерін өндіруді ұлғайту, мал сойысындағы қосымша өнімдерді тиімді пайдалануда маңызды қор болып табылады. Сою мен алғашқы өңдеуде 30% дейінгі қосалқы өнімдер (ет тәріздес өнімдер, майлар, ішектер, қан және т.б.) және де олардың 40% I және II дәрежелі қосалқы ет өнімдерін құрайды. Бұл өнімдердің жартысынан көбі тамақ мақсаттарына, қалғандары мал бордақылауға және техникалық өнімдерді өндіруге қолданылады. Бірақ барлық өндірістік орындар ет пен ет тәріздес өнімдерді өңдеуде көп көңіл бөле бермейді. Қазақстан Республикасындағы ет өнеркәсібіндегі қосалқы шикізатты қолдану тек 15-20% ғана құрайды. Бұл шикізаттың көбі үйлерде сойғанда және ауылдық жерлердегі сою бекеттерінде айтарлықтай шығындалады.
Осыған байланысты, ет өнімдерін және техникалық шикізаттарды (май, қан, ішек, сүйек және т.б.) кеңінен және толық пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру қажет, әсіресе базасы шағын шикізаты бар кіші және орта қуаттағы өндіріс орындарында.
Сондай-ақ, ет өнімдерінің сапасын, дәмін және тағамдық қасиеттерінің биологиялық құндылығын жоғарылатуға, сонымен қатар ет өнімдерінің түрлерін көбейтуге аса назар аудару керек. Дәстүрлі тағам шығаруды көбейте отырып, одан әрі қарай ет өндірістік шикізаттары негізінде диеталық және емдік тамақтануды дамыту қажет.
Осыған дейін ет өнімдері, қоғамдық тамақтануда толығымен кең түрде қолданылмаған. Мұндай өнімдерді, әсіресе II дәрежелі қосалқы ет өнімінен еттің жартылай фабрикаттарын шығаруда, консервілер мен шұжықтар өнімдерін өндіруді өндірісте қолдану өте аз зерттелген, сондықтан ет өнеркәсібінде бұл зерттеулерге көңіл бөлу қажет.
Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Биыл жүзеге асатын бірінші кезеңінде 5 мың бас, 2025-2026 жылдары тағы 10 мың бас, 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Құрылыстың, бордақылаудың және мал жаюдың барлық жүйесі мал шаруашылығын жүргізудің Аустралияда қолданылатын торда өсіру тәсілімен жүзеге асырылады.
Мұнда Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» 4 710 гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азығы дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Компания басшысы Сырым Ертаев қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен қаржы институттары тарапынан АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдіктер мен қаржыландырудың тоқтап тұрғанына байланысты құрылыс жобасын іске асыру барысы баяулағанын айтты. Сондай-ақ «Көксарай» су реттегішінен суды пайдалануға рұқсат алудың да проблемалары бар.
Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзімде инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізіп, қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар ол Су ресурстары және ирригация министрлігімен егіндік суды пайдалану мәселесін пысықтауды міндеттеді.