inDrive ҚР Көлік министрлігі және ҚР ІІМ-мен бірлесіп жол қауіпсіздігі бойынша жүргізушілерге арналған семинар өткізді
Алматы қаласында жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы inDrive компаниясының серіктес жүргізушілерге арналған білім беру семинары өтті. Іс-шараға қалаішілік, қалааралық және жүк тасымалдары сервисінің 160 серіктес жүргізушісі қатысты. Бұл іс-шара жақында inDrive, ҚР Көлік министрлігі және ҚР ІІМ арасында жасалған үшжақты меморандумды іске асыру аясында өтті. Бұл – жол қозғалысы ережелерін сақтау, пайдаланушылармен қарым-қатынас ережелері және қалааралық трассалардағы қауіпсіздікті сақтау тақырыптары бойынша жыл басынан бері жоспарланған тренингтердің алғашқысы.
ҚР ІІМ мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстанда 23 мың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, оның 50%-ы қала сыртындағы трассаларда болған. Барлық ЖКО-ның 25%-ы жылдамдықты шаматыс тыс асырудың салдарынан, сонымен қатар 5%-ы автокөліктердің техникалық күйінің тиісті талаптарға сай болмауынан орын алған.
Жол қауіпсіздігі және қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған семинарда жол сапарларын барлық пайдаланушы үшін қауіпсіз етудің жолдары айтылды. Іс-шара ойын түрінде, яғни викторина түрінде өткізіліп, жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Жеңімпаздарға: бірінші орынға 300 мың теңге, екінші орынға 250 мың теңге және үшінші орынға 200 мың теңге берілді. Сондай-ақ, басқа да ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Жүргізушілер ара қашықтық пен жылдамдық режимін сақтау, маневр жасау ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, inDrive апаттың алдын алу үшін жолға шығар алдында ауа райы болжамын тексеру және бір күнде рульде 10 сағаттан артық уақыт (демалыс үзілістерімен қоса) өткізбеу керегін еске салды.
“Меморандумның мәні – жол жүру ережелерін сақтауға көмектесетін шараларды біртіндеп енгізу. Мысалы, жылдамдық режимін жиі бұзатын жүргізушілер уақытша немесе тіпті түбегейлі жұмысынан шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ, жүргізушілерге автокөліктерінің техникалық жағдайын тексеру керек екені де ескертілетін болады”, – деді Алматы қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясының бас маманы Абылай Мамбеталиев.
Сонымен қатар, inDrive.Грузовые қызметінің серіктес жүргізушілеріне жүк сақтандырудың жаңа опциясы туралы айтылды, ол тәуекелдерді және талаптарды азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен сенімін арттыру үшін қосымшаның жаңа мүмкіндіктері іске қосылатыны хабарланды.
“inDrive үшін барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігі маңызды. Осы жазда біз жаңа функцияны енгізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, қосымша профилінде “Үздік жүргізуші” белгісі пайда болады. Бұл белгі рейтингі жоғары жүргізушілерге ғана берілетін болады. Белгіні алу үшін жүргізуші қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасы бойынша онлайн оқудан өтіп, оқу аяқталғаннан кейін тесттен 100% өтуі қажет. Мұндай белгісі бар жүргізушіге бірқатар артықшылықтар беріледі, біріншіден, жолаушылардың сеніміне кіреді, екіншіден, лентасындағы хабарландырулары көпшілікке көрінетін болады”, – деді inDrive.Межгород қызметінің басшысы Борис Хван.
Меморандумға сәйкес, құжаттарды қайта тексеру, фотобақылау және шетелде тіркеуде тұрған көліктердің құжаттарын тексеру арқылы рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді анықтау және шеттету бойынша арнайы шаралар жүргізіледі. Заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жүргізушілерге хабарландыру жіберіледі және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырыстардан шеттетіледі.
inDrive компаниясы туралы
inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью қаласында (Калифорния, АҚШ) орналасқан жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы. inDrive қосымшасы 2022 және 2023 жылдары әлемдегі ең көп жүктелген жол жүру қосымшаларының ішінде екінші орында тұр, қосымша 200 миллионнан астам рет жүктелген. Жол жүруден басқа, inDrive қалаішілік және жүк тасымалдарын, шебер шақыру, курьерлік және B2B жеткізу қызметтерін қамтитын күннен күнге саны артып келе жатқан қала қызметтерінің бірқатарын ұсынады.
inDrive әлемнің 46 елінде 749-дан астам қалада жұмыс істейді. Компания келісімді төлем моделі және қауымдастықты қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды, олар білім беру, спорт, өнер және ғылым, гендерлік теңдік және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға көмектеседі.
Толық ақпарат www.inDrive.com сайтында