BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңнан аса жүргізуші мас күйде ұсталған
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда жолда ережені бұзатындар үшін жаза күшейтілгенін айтты. Осыған қарамастан көлікті мас күйде жүргізіп, куәлігінен айырылғандар көп, – деп хабарлайды basnews.kz.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол қозғалысы ережесін бұзудың алды алынып, мас күйде 12 мыңнан аса жүргізуші ұсталған.
Сәденов мұндай тәртіпбұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек екенін атап өтті.
«Тәжірибе мұндай заңбұзушыларға қатаң шаралар қолдану керек екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайта қарау қажет деп санаймын», – деді министр.