BasNewsЖаңалықтар
Туризм және спорт министрі ант қабылдады
Бүгін үкімет отырысында жаңа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ант қабылдады, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға. Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант етемін», – деді министр Мырзабосынов ант мәтінін айтып.
Премьер-министр Олжас Бектено министрлер кабинетінің жаңа мүшесінің қызметіне табыс тіледі.