BasNewsЖаңалықтар

Уханнан тағы сегіз отандасымыз эвакуацияланды

Уханнан Ресей мен Өзбекстанға сегіз қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Ресей мен Өзбекстанның арнайы ұшағымен Қытайдың Ухань қаласынан тағы сегіз азаматтарымыз эвакуацияланды. Біздің бес азамат Ташкентте екі аптаның ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, ал қалған үшеуі – Түменде, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Эвакуацияланғандардың арасында бұрын ыстығы болғанына байланысты ҚХР эпидемиологиялық қызметі жібермей қойған Яньцзы университетінің 1-курс студенті де бар.

«Ұшаққа отыру кезінде Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтіп, олардың арасында ыстығы немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ, делінген хабарламада.

Ақпанның 3-і күні Уханнан 83 отандасымыз елге жеткізілген еді. Оның 80-і студент.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button