BasNewsЖаңалықтар

Қызылордада тігін курсы ашылды

Танымал және сұранысы жоғары мамандықтардың бірі — тігінші мамандығы. Бұл салада белгілі бір жетістікке жету үшін алдыға қойған мақсатты дұрыс жоспарлап, өз күшіңізді тиімді бағалай білу қажет. Тігіншілік өнері — тек қолмен жұмыс істеп, тігу ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен техникалық білімді талап ететін сала. Тігінші болу үшін, шығармашылық біліктілігімен қатар, жұмысында табысты болу үшін теориялық және практикалық бастапқы білім де қажет.

Қызылорда қаласының отбасын қолдау орталығында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Тігін» курсы ашылып, оқытылуда. Бұл курс аймақтағы әйелдердің, атап айтқанда көпбалалы, тұрмысы төмен аналардың, сондай-ақ мүгедектігі бар бала асыраушы аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Орталық жанынан құрылған цехта тігу әдістерін меңгеру үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.

«Тігін курсы» шеберліктің құпияларын меңгеруге көмектеседі. Бұл курс тігін ісімен айналыспаған әйелдер үшін ерекше маңызды, өйткені олар осында негізгі білімді алып, жаңа дағдыларды меңгереді. Тігіншілік өнеріне алғаш қадам басқан аналар үшін көптеген жаңа қызықты кеңестер мен әдістер ұсынылады. Оқыту барысында олар киімді пішу, белдемшенің түрлерін тігу, қысқарту және оның дене бітіміне қонымдылығы жағынан маңыздылығын үйренеді.

Курс барысында тігін ісінің негіздері, заманауи тігін машиналарының жұмыс принциптері және оларды пайдалану тәсілдері туралы да ақпарат беріледі. Тігінші болу үшін қажетті дағдыларды меңгеру, сонымен қатар практикалық ақпаратты көбірек алу мақсатында сабақтарда түрлі деңгейдегі жұмыстар жасалады. Сабақ барысында берілетін нұсқауларды орындай отырып, тыңдаушылар қарапайым белдемшеден бастап, күрделі пішулерге дейін дұрыс және сапалы тігуді үйренеді.

Курстың мақсаты — қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, оларға жаңа мүмкіндіктер ашу және қоғамда белсенді өмір сүруге ынталандыру. Сондай-ақ, курс барысында қатысушыларға қайталанбас бейне жасауға көмектесетін кеңестер мен әдістер ұсынылады, бұл оларға өздерінің жеке стилін дамытуға мүмкіндік береді.

Курсқа қатысу — бұл тек кәсіби білім алу ғана емес, сонымен қатар әйелдердің арасында достық байланыстар орнатуға, тәжірибе алмасуға, бір-біріне қолдау көрсетуге арналған алаң. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, қиындықтарды бірге еңсеп, өздерінің жетістіктерімен бөліседі.

Қала бойынша көпбалалы, тұрмысы төмен аналарға және мүгедектігі бар бала асыраушы жұмыссыз, оқуға ниетті аналарды шақырамыз. Біздің курстарымызға қатысып, өз армандарыңызға қол жеткізіп, жаңа мамандық меңгеру мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

Орталықта білім алуға ниетті аналар үшін барлық жағдай жасалған. Тігін курсы — бұл тек жаңа мамандық алу ғана емес, сонымен қатар өз-өзіне сенімділікті арттыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту, әлеуметтік желілермен байланыс орнату мүмкіндігі. Тігіншілік — бұл әйелдер үшін өздерін көрсету, шығармашылықпен айналысу және өз отбасын қамтамасыз ету жолы.

Біз сіздерді курстарымызға шақырамыз, бірге шығармашылық әлеміне бірге қадам басайық!

Back to top button