BasNewsЖаңалықтарТүркістан облысы

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Түркістан облысы аумағында өткізілетін іс-шаралар

Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 23 – 27 қыркүйек аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Түркістан облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу болып табылады.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Сабырұлы Әбілхайыр – Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог, Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы – Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры, Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы – Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшы орынбасары, психолог, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Түркістан облысы аумағында мектеп, колледж және жоғары оқу орындары базасында болды. Олар жастар арасында «Дін және жастар», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Діни білім берудің заманауи тетіктері», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары, колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.

Анықтама үшін: +7 707 723 78 48 Муратбаев Әлібек

 

 

Back to top button