АймақтарЖаңалықтар
ШҚО-ның 102 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді
Бүгін Марқакөл ауданының 102 жастағы тумасы Хадиша Туржанова референдумға қатысып, өз тандауын жасады.
Хадиша апамыз 1922 жылы 20 наурызда қазіргі Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Өмір жолын адал еңбекке арнады. Тоғыз баланың анасы атана отырып, бүгінгі күні апаның 27 немересі, 43 шөбересі және 7 шөпшегі бар.
Хадиша апамыздың бүгінгі ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық! Өмірі ғұмырлы, денсаулығы мықты болсын демекпіз!