BasNewsЖаңалықтар

Ыстанбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ыстанбұл әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті мерзімінде сөндіріп үлгерді.
Түркияның көлік және инфрақұрылым министрінің айтуынша, оқиғадан көз жұмғандар жоқ, бірақ 52 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында барлығы 171 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.
Қазір әуежай жабық. Түркияның Бас прокуратурасы апатқа байланысты тергеу бастады.

Ал, зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы жайлы әзірге мәлімет жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button