Жаңалықтар

ҰЛАН АУДАНЫНДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

Ұлан ауданында жүзеге асырылып жатқан 1-ші және 2-ші кезектегі жылу желілерін қайта құру жобасы, тұрғындардың пікірінше, жылыту маусымында ауыл үйлерінде тұрақты әрі жайлы жылу беруді қамтамасыз етті.
Қасым Қайсенов кентінде магистральды су құбырлары мен аула ішіндегі су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары да жүргізілуде. Жоба аясында ауылды Меновное су көзінен тартылатын жүйеге қосу қарастырылған. Бұл ауыз судың кермектігі мәселесін шешуге және халықты үздіксіз, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Қасым Қайсенов кетінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ал келесі жылы бүкіл кент бойынша асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай туғызады.

Back to top button