Жаңалықтар

Өскеменде оқушылар әскери гарнизонға барды

 

«Арыстан» әскери-патриоттық бірлестігіне кіретін қала мектептерінің оқушылары Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміне және Қасым Қайсенов атындағы мұражайға экскурсия жасады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған экскурсияда білім алушылар әскери техникамен, сарбаздардың өмірімен танысты. Бұл патриоттық рухты нығайтуға мүмкіндік берді.

Back to top button