Жаңалықтар

ШҚО Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» акциясы аясында тыл еңбеккерлері құттықталды

 

21 сәуір күні Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» атты патриоттық акция бастау алды. Осы акция аясында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлерін құттықтап, алғыс білдірді.

Жылы лебіздер, гүлдер, естелік сыйлықтар мен көңіл бөлу – барлығы Жеңісті тылда жақындатқан жандарға деген құрметтің белгісі болды. Бұл шара ұрпақтар сабақтастығы мен ел тарихына деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналды.

«Ардагерлеріміздің батасы мен ақ тілегі – бұл жай ғана сөз емес. Онда рухтың күші, келешек ұрпақтың бейбітшілігі мен бірлігінің кепілі жатыр», – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.

Мұндай бастамалар халық ерлігін еске салумен қатар, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын рухани көпірге айналады.

Back to top button