Жаңалықтар

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барды

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, Бұқтарма өзенінің су деңгейінің көтерілуі мен Поганка өзеніндегі жер асты суларының жоғарылауына байланысты туындаған тұрғын үйлерді су басу қаупі бойынша жағдаймен танысып, қабылданып жатқан шараларды тексерді.
30 сәуірде екі күндік мол жауын-шашын қардың жылдам еруіне және Бұқтарма өзеніндегі судың сындарлы деңгейден асып кетуіне себеп болды. Сонымен қатар, Зубовск кентінде жер асты суларының көтерілуі мен Поганка өзеніндегі бөгеттердің ішінара дренажы салдарынан 10 тұрғын және 3 тұрғын емес үйдің ауласын су басты.
ШҚО ТЖД күштерімен бақшалардан 4250 текше метр су сорылып, 2000 дана қап төселді. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.
Бөгетті нығайту үшін 980 тонна тау жынысы жеткізілді, 2000 дана қап дайындалып, дренаж учаскелерінде бөгеттің ішкі бетіне ұзындығы 60 метр полиэтилен үлдір төселді.
1 мамырда Зубовск кенті БПЛА көмегімен тексеріліп, нәтижесінде бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс жасауда. Облыс әкімі жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Барлық жауапты қызметтер тұрғындар үшін қандай да бір қауіптің алдын алу мақсатында үйлесімді және жедел жұмыс істеуі қажет.
Су деңгейіне мониторинг тәулік бойы жүргізілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, тұрғын үйлерге су басу қаупі болмағандықтан, тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ. Бұқтарма өзеніндегі су деңгейі 73 см-ге төмендеп, 535 см-ді құрады. Қауіптің шегі артта қалды.
Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауында.

Back to top button