Қазақстан қарқын алуда: төрт айда ЖІӨ өсімі 6%-ға жетті
12.05.2025
2 185
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері
✅Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді.
🪙Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді.
🪙Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құрады. Сонымен қатар құрылыс кезеңін ескере отырып, жұмыстарды орындау қарқынын арттыру және жобалар құнының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жерлерде қажетті үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.
🪙Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3%-ға қарағанда 7% тұрақты өсуді көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өсті. Бірқатар өңірлер: Түркістан облысы – жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%; Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%; Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсетті.
🪙Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жетті. Өсім тау-кен секторында – 7,1%, атап айтқанда көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2%) байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 7,2% құрайды, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу (12%), темекі өнімдерін (26,3%), химиялық өнімдерді өндіру (11,2%) және машина жасау (11,2%).
🪙Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетуде. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құрады.
Үкімет Президенттің еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының сапалы іске асырылуын бақылауда ұстайды.
Ұлытау облысында қайтарылған активтерге нысандар салынуда.
08.07.2025
ОРДАБАСЫЛЫҚТАР АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
08.07.2025
ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА АЛЮМИНИЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНУДА
08.07.2025
Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан халқы Ассамблеясы қойған міндеттерге сәйкес жүзеге асырады және қоғамдық келісімді, этносаралық толеранттылықты және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
08.07.2025
Астанада мемлекеттік тілге арналған креативті фотозоналар орнатылды
08.07.2025
Жазда Ыстанбұлда нағыз жұлдыздар шоуы өтеді!
08.07.2025
Анталияда 2000 жылдық кеме батығы табылды
08.07.2025
«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫ 2025 – ҚЫЗЫЛОРДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
08.07.2025
Тыныш әлемнің тың дауысы: Аутизмі бар балаларды қоғаммен жақындастырған қадамдар
08.07.2025
Цифрлық даму: Зимовье ауылы мобильді интернетпен қамтылды