Жаңалықтар

Таза су — әр үйге: Абай облысында ауыз сумен қамтамасыз ету қалай жүзеге асуда?

Абай облысында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты назарда. 2025 жылдың соңына дейін тұрғындарды 100% орталықтандырылған сумен қамту мақсатында кешенді шаралар әзірленіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Биыл 26 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і 2024 жылдан ауыспалы жоба. Бұл жобалар Семей қаласы мен Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Үржар және Мақаншы аудандарын қамтиды. Тізімге Бобровка, Березовский, Ай, Қопа, Қорық, Бекет, Қабанбай және т.б. елді мекендер кіреді.

11 жоба жаңадан іске қосылды, оның 8-і Семей қаласында Дачная, Макаренко, Стальская көшелерінде, Лодочный ауданы, Теміржолшылар кенті және т.б. іске асырылуда. Үш қосымша жоба ауылдық елді мекендерді қамтиды: Переменовка, Ремки және Талица.

Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін төмендету үшін 14 жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар Семей қаласындағы, Жаңасемей, Аягөз, Абай, Көкпекті және Үржар аудандарындағы жолдар мен желілерді қамтиды.

Су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту бойынша қосымша 22 жаңа жоба әзірленуде. Олардың ішінде: Семей қаласында Мұрат кентінен Шығыс және Северный массивіне дейінгі желілер, Жаңасемей ауданында — Приречный ауылы, Абай ауданында — Медеу ауылы, Ақсуат ауданында — Сұлутал, Қызылжұлдыз, Бесқарағай ауданында-Кривинка, Башкөл, Жыланды және т. б. қамтиды.

Аталған жобаларды іске асыру облыс тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігін айтарлықтай жақсартуға, өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайын арттыруға, апаттар мен су шығындарын азайтуға, сондай-ақ болашаққа берік инженерлік инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Back to top button