Жаңалықтар

Есірткі арнасын жою туралы

Осы жылғы мамыр айында Ұлытау облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен өңірге есірткі жеткізу және өткізу арнасының жолы кесілді.

 

Аталған құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікпен 4 Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

 

Тінту барысында шамамен 60 кг марихуана табылып, тәркіленді.

 

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

 

Back to top button