BasNews

СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

Ұлытау және Шаталюк көшелерінің қиылысында қосымша бұрылыс құрылысы басталды. Жобаны «Бектан» ЖШС жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты – көлік қозғалысын оңтайландыру. Қосымша бұрылыс Ұлытау көшесіндегі көлік жүктемесін азайтып, жүргізушілердің жолға жұмсалатын уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шешім жол қауіпсіздігін арттыруға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге септігін тигізеді.

Мердігермен жасалған келісімшарт бойынша жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Дегенмен, фактілік аяқталу осы аптаның соңына жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button