Жаңалықтар
🔆 Аулаішілік жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Құрметті қала тұрғындары!
Қаламызда аулаішілік жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ ұйымдастыруда.
Бүгінгі күнге дейін:
📍 Асылбеков көшесі, №46 және №48 үйлердің ауласы
📍 Мұса Жәлел көшесі, №2–4 үйдің ауласы
📍 Шевченко көшесі, №21 үйдің ауласы
📍 Пушкин көшесі, №36 үйдің ауласы жарықтандырылды.
Сонымен қатар, Пушкин көшесінің бойындағы бірқатар учаскелерде де жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
✨ Аталған шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған және алдағы уақытта өзге де аулаларда жалғасын табатын болады.