АймақтарМәдениет
Trending

ШҚО-да Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің 70 жылдығы аталып өтті

Мерейтойға орай «70 жылдық шабыт» атты концерт өтті.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өнер училищесінің ұжымын мерейтоймен құттықтады.
«Осы білім ордасындағы шәкірттерді даярлаудың кәсіби деңгейі өте жоғары екендігін ерекше атап өткім келеді. Түлектердің жартысы оқуын үздік аяқтаса, 90% дан астамы алған білімдері мен дарынын нақты істерімен дәлелдеп жүр», – деді облыс әкімі.

Училище 1955 жылы Өскеменде музыкалық бағытта ашылған. Алғаш ашылған бөлімдер қатарында хор дирижерлігі, фортепиано және вокал болған.

Кейін оқу орны аясында кешкі музыкалық мектеп, сырттай оқу бөлімі, мәдени-ағарту жұмыстары бөлімі құрылды. Сонымен қатар мектеп жанынан балалар хоры, үш деңгейлі «Камертон» хоры және басқа да шығармашылық ұжымдар іске қосылды.

Училищенің елеулі жетістіктері қатарында «Қыл қобыз» және «Домбыра» сыныптарының ашылуы, Қазақ халық аспаптары бөлімі мен ағайынды Абдуллиндер атындағы музейдің құрылуы, сондай-ақ «Әлеуметтік-мәдени қызмет» бөлімі («хореография» және «режиссура» мамандықтары бойынша), Қазақ ұлттық аспаптар музейінің ашылуы бар.

70 жыл ішінде бұл оқу орны Шығыс Қазақстанның рухани тірегіне, дарынды жастарды тәрбиелейтін шеберханаға айналды. Осы білім ордасынан көптеген танымал әртістер, ұстаздар мен мәдениет қайраткерлері түлеп ұшты.

Бүгінде олардың есімдері ел аумағынан асып, шетелге де танымал.

Атап айтқанда, Мадрид опера театрының солисі Аида Тұрғанбаева, композитор Светлана Апасова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Зәуре Смақова, театр және кино актері Иван Лубягин, «Duo Logue» фортепиано дуэтінің мүшелері Жанель Ағзамова мен Шынар Мұрат – осы оқу орнының түлектері.

Жалпы, 70 жыл ішінде 6 мыңнан астам түлек отандық және халықаралық өнердің өркендеуіне елеулі үлес қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button