Жаңалықтар

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың топтасып, санкцияланбаған жиналысына ден қойылды

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың топтасып, санкцияланбаған жиналысына ден қойылды.

Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button