Жаңалықтар
🇰🇿 Ұлытау облысында өткен Қорғаныс министрлігінің акциясы 3 мың болашақ әскерге шақырылушыны қамтыды

Ұлытау облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» әскери-патриоттық акциясы өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы 3 мыңнан астам адамның, оның ішінде мектеп оқушылары мен әскерге шақыру жасындағы студенттердің қатысуымен кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар өткізді.



