Жаңалықтар
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысы жалғасын табуда.

Бүгін Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Совбек Медебаев, Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалды, Асылбек Нұралин және Ұлытау өңірлік коалиция төрағасы Бауыржан Шыңғысов оқу орнының ұстаздары мен студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ әділетті қоғам құру жолындағы институционалдық өзгерістер кеңінен талқыланды.
Студенттер өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Спикерлер Конституция – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, алдағы Референдумға әрбір азаматтың белсенді қатысуы маңызды екенін жеткізді.



