Мұз айдынында да, өмірде де – бірлік: ШҚО-да жаңа Конституция жобасы талқыланды

Өңірлік коалиция белсенділері Б.Александров атындағы спорт сарайы кешенінде өткен хоккей ойыны барысында жанкүйерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Спорт мерекесіне жиналған тұрғындармен жүздесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен тарқатылып, алдағы республикалық референдумның маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Коалиция мүшелері атап өткендей, Жаңа Ата Заң – ел дамуының стратегиялық бағдары айқындалатын маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Белсенділер әрбір азаматтың референдумға қатысуы – ел болашағына жасалған жауапты қадам екенін жеткізді.
Іс-шара барысында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірманова да өз пікірін білдіріп, Жаңа Конституция жобасын қолдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымына байланысты. «Спортта жеңіске жету үшін бірлік пен табандылық қажет болса, ел дамуы үшін де сондай ынтымақ керек. Сондықтан маңызды шешімдер қабылданатын сәтте бейжай қалмай, өз таңдауымызды жасауымыз қажет», – деді чемпион.
Кездесу соңында коалиция өкілдері тұрғындарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, ел тағдырына қатысты тарихи сәтте ортақ жауапкершілік танытудың маңызын атап өтті.
Бірлігіміз бекем, таңдауымыз айқын болсын!



