Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қорытындысы шығарылды

Ерлер мен аға топ жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қарқынды өтті. Спортшылардан күш пен зейіннің жоғары шоғырлануы талап етілетін кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында күрес қызықты болды. Жарыс басталған соң 23 метрде спортшы биіктігі екі метр қоршаудан өтіп, жалпы салмағы 5 кг болатын 2 өрт сөндіру жеңін алып, бум бойымен жүгіреді, содан кейін бір жеңді тармақталуға бекітеді және мәре жармасын өтеді.
Ең жылдам спортшылар жаттығуды 16 секундтан аз уақытта орындайды.
Қысқы чемпионаттардың екінші кезеңінде 120-дан астам жүгіріс болды. Халықаралық және ұлттық біліктілік санатты 30 төреші барлық кедергілерді орындау мен еңсерудің дұрыстығын мұқият қадағалады.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді:
Ерлер арасында:
1 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
Аға топ жасөспірім ұлдар арасында:
1 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
3 орын – Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
Жеке біріншіліктегі орындар:
Ерлер арасында:
1 орын – 16,57 секунд нәтижесімен Коршак Виктор, Шығыс-Қазақстан облысы
2 орын – 16,80 секунд нәтижесімен Лунин Даниил, Шығыс-Қазақстан облысы
3 орын – 22,27 секунд нәтижесімен Подгородецкий Петр, Астана қаласы
Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):
1 орын – 17,83 секунд нәтижесімен Боков Никита, Шығыс-Қазақстан облысы
2 орын – 18,26 секунд нәтижесімен Токтарбаев Аян, Ақмола облысы
3 орын – 18,59 секунд нәтижесімен Сериков Абылай, Батыс-Қазақстан облысы
20 наурызда жарыс 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша жалғасады.



