Жаңалықтар
Менің таңдауым – менің болашағым»: тұрғындармен маңызды кездесу өтті

Мибұлақ ауылының тұрғындарымен «Менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында жаңа Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, олардың ел дамуына қосар үлесі туралы айтылды. Сондай-ақ тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерімен бөлісті.
Аталған шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға бағытталды.


