Жаңалықтар

Қызылордада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберпол басқармасының қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық жастар күніне арналған ашық аспан астындағы концерт барысында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық қылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру.

 

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіп түсетін күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

 

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысында тұрақты түрде жүргізілуде.

 

#ЗаңМенТәртіп #Қызылорда #ИнтернетАлаяқтық #Киберпол #Қауіпсіздік

Басқа жаңалықтар

Back to top button