ӘлемТуризм
Trending

ITF 2026: Ыстанбұлда жаһандық туризмнің болашағы мен жаңа мүмкіндіктері талқыланады

Жаһандық туризм саласының ең маңызды кездесулерінің бірі болып табылатын Халықаралық Ыстанбұл туризм жәрмеңкесі (International Istanbul Tourism Fair – ITF 2026) ағымдағы жылдың 24-25 қыркүйек күндері өтеді. «Yenikapı Avrasya» өнер және көрме орталығында ұйымдастырылатын ауқымды шара әлемнің төрт бұрышынан сектор өкілдерін, туристік операторларды, қонақүй желілері мен салалық сарапшыларды бір алаңда тоғыстырмақ.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен және Түркия Тұтынушылар мен Сауда палаталары одағының (TOBB) рұқсатымен өтетін бұл халықаралық жәрмеңке Түркияның туристік әлеуетін ғаламдық деңгейде танытуды және жаңа халықаралық серіктестіктерге жол ашуды көздейді.

Жәрмеңке аясында ұйымдастырылатын екі күндік туризм саммитінде саланың болашағына қатысты өзекті тақырыптар талқыланады:

  • 24 қыркүйек: Жаһандық тұрақты туризм, қонақжайлылық секторындағы жаңа трендтер, Booking.com және Trip.com сияқты ірі платформалардың сандық даму стратегиялары, Еуропа-Түркия туристік форумы және қонақүй инвестицияларының келешегі.

  • 25 қыркүйек: ТМД (ТӘЖ) елдерінің туристік нарығына арналған арнайы сессия, Кариб бассейні нарығы, 2026 жылғы туристік маусымның қорытындылары мен 2027 жылға арналған болжамдар, сондай-ақ туризмдегі жасанды интеллект және сату арналарын оңтайландыру мәселелері.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, бұл шара Түркияның ғаламдық туризмдегі позициясын нығайтып қана қоймай, Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы жаңа іскерлік байланыстардың орнауына айрықша серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button