Новости

Это уже история! В Семей в четвертый раз прошел ультратрейл «Abai Joly 100 miles»

2026 жылдың 26 қыркүйегінде төртінші рет өткізілген жарыстың бағдарламасында екі дистанция болды — 3 км. «Бастама_Есірткіге жол жоқ» және 50 км. «Күшікбай асуы_ЕҰУ 30 жыл».

 

Жарысты ұйымдастырушылар Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, «El Sport» қоғамдық бірлестігі. Ультрамарафонды қолдап арнайы естелік медаль, диплом мен қажетті жабдықтармен Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті мен «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» қамтамассыз етті.

 

«Бастама_Есірткіге жол жоқ» 3 км. жарысы Абай атындағы әуежайдан басталып сонда аяқталды. Бұл жарысқа жүзге жуық /64\ әуесқой спортшылар қатысып, өзара екі жас категориясы бойынша Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Абай облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы.

 

 

 

Екінші қашықтыққа жарыс 50 км. «Күшікбай асуы_ЕҰУ 30 жыл» Абай аэропортынан басталып Семей-Қараул тас жолының бойымен Күшікбай батыр асуында мәреге жетеді. Оған отыз желаяқ қатысып «BURA» (басшысы Ибраимов Миржан Сансызбайұлы) спортклубы тағайындаған Бас жүлде 150 000 теңгені (иегері Әкім Еркебай, 3 сағат, 37 минут 20 секунд), ЕҰУ оқытушы-профессорлар құрамы тағайындаған «ENU_30» және «ENU_Sociology_20», спорт жанашырлары тағайындаған «Ұлы Отан соғыс ардагері Әбдеш Имаханов», «Ақын, жазушы Кащаф Туғанбаев», «Полиция ардагері Зайнолда Есқалиев», «Құрметті теміржолшы Амантай Қасымханов», «Еңбек ардагері Саттар Салықжанов» атты 50 000 – 100 000 теңгелік жүлделерді бөлісті. Жарысты қолдаушылар: биыл 30 жылдық мерей тойын өткізіп жатқан Еуразия ұлттық университеті мен Қазақтың спорт және туризма академиясы.

 

Дүбірлі доданың өткізуіне үлес қосқан Shakarim University және mystart, Bas Sport интернет платформалары. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтарды

 

Жарыс туралы инстаграм elsport_kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button