BasNewsҚоғам
Trending

Түркі елдерінің ғалымдары «Steppe Civilization» журналын шығарып, халықаралық консорциум құрады

Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолияның Ұлттық ғылым академиялары Дала өркениеті, Жошы ұлысы мен Алтын Орда тарихын бірлесіп зерттеу үшін халықаралық консорциум құруға келісті. Тиісті құжатқа Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының отырысында қол қойылды.

Ғалымдар тарихи құжаттар мен архив деректерін ғылыми айналымға енгізуді, бірлескен археологиялық экспедициялар мен зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ 2027–2031 жылдарға арналған арнайы Жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жиналған деректерді өңдеуде жасанды интеллект пен геоақпараттық технологиялар қолданылады.

Сонымен бірге, түркі әлемінің ғылыми жетістіктерін халықаралық деңгейде таныту мақсатында ағылшын, түрік, қазақ және өзге де тілдерде жарияланатын «Steppe Civilization» («Дала өркениеті») атты халықаралық ғылыми журналын шығару ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button