Коммуналдық сала мамандары «Әділет» партиясының бастамаларын талқылады

Қарағанды қаласындағы «Қарағанды Су» ЖШС тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Иван Скородиевский қатысты.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

– Сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысы – қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген мамандардың жауапкершілігі зор. Сондықтан инженерлік желілерді жаңғырту, апатты жағдайлардың алдын алу және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелеріне жүйелі түрде назар аудару қажет. Бүгінгі кездесу барысында сала мамандарының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алдық, – деді Меруеш Башай.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Басқосуға 150-ге жуық адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б. Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



