BasNewsЖаңалықтар

«Қордай ауданынан жұрт кетіп жатыр» деген видеоға қатысты шекарашылар түсінік берді

Желіде Жамбыл облысының тұрғындары елден жаппай кетіп жатыр-мыс деген тұспалды видео жарияланып, ол қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешегі жағдайдан кейін адамдар елден кетіп жатыр, – делінген видео астындағы жазбада.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі қазір шекарада не болып жатқанын айтып берді.

Бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Азаматтар ағымының өсуі немесе төмендеуі байқалмайды, – дейді шекара қызметіндегілер.

Олар демалыс күндері әрі-бері жүретін жолаушылар осылай көп болатынын айтты.

Сондай-ақ, шекара қызметін күшейту деген болмағынын да айтты. Шекарашылар, әдеттегідей, тек құқық қорғау органдарымен байланыса отырып жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button