BasNewsЖаңалықтар
Қордайдағы қақтығыс кезінде қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстан дүңгендер қоғамының мәліметі ішкі істер министрлігінің ақпаратымен сәйкес келеді – Қордайда сегіз адам көз жұмды.
- Исыров Баху, 1988 жылы туған
- Чонтей Абдула, 1986 жылы туған
- Харсанов Рам
- Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі
- Шисыр Рахим
- Хишанло Сулейман
- Лохаш Лугмар (Бұлан Батыр ауылы)
- Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)
«Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр», – деп хабарлады Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы.



