Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап берді (видео)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл күндері маған біздің азаматтардан көптеген өтініш келіп түсіп жатыр. Дүнген баланың видео арқылы жолдаған үндеуін көрдім. Жауап берейін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деп жазды Президент twitter-дегі аккаунтында.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ! — Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 9, 2020
Сонымен қатар Тоқаев қантөгіс арандатушылардың кінәсінен, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жол беруі салдарынан болғанын және олардың жазаланатынын айтты.
Зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ! – деді Президент.



