BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ірі автопарк нарықтан кетті

 Алматыда ең ірі автопарктердің бірі «АвтоТрансГаз» ЖШС экономикалық ахуалдың кесірінен нарықтан кетті, деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл компанияның маршруттары басқа тасымалдаушыларға берілді.

«Құрметті жолаушылар, 16, 29, 29-р, 34, 47, 50, 85, 106, 112 және 126 бағыттар – «АлматыЭлектроТранс» ЖШС, 3 бағыт – «СитиБас» ЖШС, 107-бағыт – «Бату Тревел» ЖШС берілді, 108-бағдар әзірге жұмыс істемейді», – деп жазды  Аlmaty Avtobustary.

Нарықтан ірі автопарк кетіп бара жатқанын қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов та растады.

«Бүгіннен бастап экономикалық ахуалға байланысты компания жұмысын тоқтатты. Қазір экономикалық жағдайды қарап жатырмыз. Кәсіпорынды шығаруға әлі ерте деп ойлаймын. Бұл компания қалада 12 бағытқа қызмет етеді екен. «АлматыЭлектроТранс» ЖШС күшімен резервтегі автобустарды осы маршруттарға шығардық. Бұл компанияның жүргізушілері басқа кәсіпорындарға жұмысқа шығады», – деді Ерлан Әділов.

Back to top button