BasNewsЖаңалықтар

Танымал журналист Қуандық Шамахайұлының неден қайтыс болғаны анықталды

Қазақстандық танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жаса.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының 23 маусымда COVID-19 жұқтырды деген күдікпен жедел жәрдем қызметі арқылы ауыр халде ауруханаға түскенін мәлімдеді.

«Осы уақыттан бастап ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Қойылған диагнозы: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмониясы. Емдеу диагностикасы емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады», – делінген басқарма хабарламасында.

Шамахайұлы Facebook-парақшасындағы соңғы жазбасында түнгі 2:00-де ұйқысынан оятып, дәрі бергенін, бірақ оның нақты қандай дәрі екенін айтпағанын жазған еді.

Басқарма мәліметінше, 29 маусымда танымал журналистің жүрегі тоқтап қалған. Реанимацияға қарамастан, науқас қайтыс болған. Қазір өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Қуандық Шамахайұлы 1960 жылы Моңғолияда туған. Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша білім алған. ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Журналистикадан бөлек жазушылықпен де айналысқан. «Таскене», «Сексеуіл бүршік жарғанда» романдарының, «Кішкентай адам», «Сағым жыл» әңгімелерінің авторы.

Back to top button