BasNewsЖаңалықтар

Елімізде маусым айында пневмониядан 628 адам көз жұмған

Пневмония ауруларының саны 2020 жылдың маусымында өткен жылмен салыстырғанда төрт есе өсті. Бұл туралы онлайн-брифингте еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«2019 жылдың жарты жылдығы мен 2020 жылдың қорытындысы бойынша пневмониядан болатын өлім-жітімді қарайтын болсақ, 2019 жылдың алты айында 1780 жағдай болса, 2020 жылдың алты айында – 1772. Ағымдағы жылдың маусым айында пневмониядан болатын өлім-жітім 628-ге жетті. Егер пневмония аурушаңдығы туралы айтатын болсақ, биыл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 55 пайызға өсті, маусым айында өсім төрт есеге өсті», – деді ол.

Оның айтуынша, пневмония жағдайларының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мұның себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр.

Back to top button