BasNewsЖаңалықтар

Елжан Біртанов ауруханадан шықты

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауруханадан шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Елжан Аманбайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шығып, қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, 14 маусымда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Диагнозы – «пневмония».

Back to top button